Басты бетСпортҚазақстан спортшылары...

Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарының ашылуына қатысты

Сонымен бірге бүгін олимпиада алауының эстафетасы да аяқталды. Ашылу салтанаты «Біздің қанатымыз бар» ұранымен өтті. 

Паралимпиадаға Қазақстан атынан спорттың жеті түрі бойынша 25 спортшы қатысады. Паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев және пауэрлифтингіден 2016 жылғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева Ту көтеріп шықты.

Паралимпиадаға Қазақстан атынан мына спортшылар қатысады:

Нұрдәулет Жұмағали, Нұрәлі Советқанов, Сиязбек Далиев, Ержан Сәлімгереев, Зүлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова (жүзу);

Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы (жеңіл атлетика);

Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (дзюдо);

Бибарыс Спатай (каноэ);

Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камила Досмалова (таеквондо);

Давид Дегтярев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Әбдіхалықова, Алина Солодухина (пауэрлифтинг), Айсұлу Жұмабаева (оқ ату).

Фотолар Reuters және Paralympic.kz-тен алынды.