«Өскемен-Самар» тасжолындағы жол апатынан зейнеткер көз жұмды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты кеше, 23 тамызда 14:20-де Ұлан ауданының маңындағы «Өскемен-Самар» тасжолының 69 шақырымында болған. Өкінішке қарай, оқиға орнында 72 жастағы жолаушы көз жұмады. Ал 32 жастағы тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Кейін оны ауруханаға жеткізіпті.

Полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.