24-26 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы күндері ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады және бұршақ жауып, екпінді жел соғатынын болжады.

Республиканың барлық аймағында температура фоны салыстырмалы түрде тұрақты, батыста түнде 17…22, күндіз 32…39 градус жылы, солтүстікте түнде 13…18, күндіз 30…35 градус жылы, республиканың орталығы мен шығысында түнде 11…17, күндіз 27…33 градус жылы, оңтүстікте түнде 15…22, күндіз 32…39 градус жылы болады, — делінген хабарламада.