QazVac Қырғызстанда ресми тіркелді, — деп жазды Алексей Цой Facebook-парақшасында.
Еске салсақ, QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген еді. Осыдан бір ай бұрын президент Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған еді. Ал әлемге танымал The Lancet журналында QazVac вакцинасы туралы мақала шықты.
The Lancet журналы отандық QazVac вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын!, — деді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.