Қызмет көрсету саласымен байланысты бизнес объектілері немесе Ashyq жобасымен кіру  міндеттелген қызметкерлерінің саны көп компаниялар Onlinebank-тің уеб-нұсқасында QR-кодты бірнеше батырманы басу арқылы және онлайн алып, карантин талабын сақтай алады.

Halyk Bank екінші деңгейлі банктер арасында өзінің финтех-процестерін Ashyq тіркеу жүйесімен біріктірген алғашқы банк болды. Біздің заңды тұлғалар енді үйден шықпай-ақ Onlinebank уеб-нұсқасы арқылы бірнеше батырманы басу арқылы QR-кодты жасай алады, — деді Halyk Bank мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқышев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерге Ashyq жүйесіне тіркелудің ыңғайлы тәсілін ұсыну қазіргі күрделі кезеңде Банк тарапынан қолдау болған.

Onlinebank-те QR-кодты алу тек бизнес субъектілеріне беріледі. Ол — субъектінің атауы, оның орналасқан жері және басқа сәйкестендіру деректері көрсетілген электрон идентификатор. Бір объектіге кіру үшін бір QR-код беріледі.

Компанияңызды Onlinebank арқылы Ashyq-қа тіркеу үшін:

  • Onlinebank жүйесінің уеб-нұсқасына кіріңіз;
  • жеке кабинетке кіріп, Ashyq функциясын таңдаңыз;
  • сәйкестік актісін алуға өтінім жолдаңыз;
  • сәйкестік актісін алуға өтінімді мақұлдағаннан кейін QR-кодты алуға өтінім жолдай аласыз;
  • Дайын! Ashyq QR-кодын басып шығаруға болады.

Егер Ashyq жүйесінде әдеттегі тіркеу кезінде кәсіпкерлерге ҰКО-тан ЭЦҚ қажет болса, Onlinebank уеб-сервисінде QR-кодты алу үшін Halyk Bank заңды қолданушыларының цифрлық қолтаңбасын қажет етеді. Тіркеу кезінде басқа ештеңе талап етілмейді және офлайн қол қоюдың қажеті жоқ.

Нариман Мұқышев Halyk Bank-те осындай қызметтің пайда болуы Банктің ішкі командасы: транзакциялық бизнес департаменті мен Onlinebank департаментінің үлкен еңбегі бар екенін атап өтті.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ашықтығы мен бизнеске арналған осындай сервистерді іске асыруға дайын болғанына алғыс айтқым келеді. Halyk Bank-тің осындай сервистермен интеграциялау бойынша барлық талапқа сәйкес келетін қажет инфрақұрылымы және дамыған технологиялары бар екенін атап өткім келеді, — деді Halyk Bank цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры.

Еске сала кетейік, Ashyq — қоғамдық орындарға келушілерді тіркеуге арналған қосымша. Мекемеге кірер алдында пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді және нәтижесін әкімшіге көрсетеді. Қосымшада адамның төрт күйі көрсетілген: бейтарап (күй фоны – көк), қауіпсіз (жасыл), байланыс (сары) және жұқтырған (қызыл).