Басты бетЖаңалықтарСІМ: Ауғанстанның...

СІМ: Ауғанстанның 70 мың азаматын қабылдау туралы тараған ақпарат жалған

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген хабарлама тарады. Ондағы ақпарат бойынша, алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен.

WhatsApp, фейк

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жаңалықтың шынайылығын Stopfake.kz порталы арқылы да тексеруге болады. Қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жолдауыңызға болады.