Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ

Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетіледі, — деп жазды Берік Уәли.

WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 мың азаматы келеді деген қауесет тарады. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бүгін тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін, 16 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты екінші рет жиын өткізді. Президент құзырлы мекемелерге Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл осы елмен бұдан былайғы ынтымақтастық бойынша шешім қабылдау үшін аса маңызды.