Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 1-класқа...

Қазақстанда 1-класқа 380 мыңға жуық оқушы барады

Оқушылардың 97%-і 1 тамызға дейін электрон нұсқада құжаттарын тапсырды, — деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл 1-класс оқушыларына жаңа оқулықтар беріледі. Қазіргі уақытта оларды баспалардан жеткізу қызметі ұйымдастырылып жатыр.

2-11-класс оқушыларына қосымша оқлықтар және мемлекет басшысы тапсырмасы бойынша, көркем әдебиет сатып алу жұмысы ұйымдастырылып жатыр. Бірақ Түркістан және Павлодар облыстарында оқулықтар жеткіліксіз. Қазір осы облыстарға қосымша қаржы бөлініп, бұл мәселе шешіліп жатыр, — деді Асхат Аймағамбетов.

Әлеуметтік тұғыдан осал отбасы балалар саны, шамамен — 385 мың бала. Оларға Жалпы білім беру қорынан киім-кешек, кеңсе құралдарын сатып алуға көмек берілуге тиіс. Министр бұл үшін жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлінгенін айтты.