Қазақстанда апталық өсім 10% болып отыр. Елде «дельта» штамы анықталуына байланысты ауырғандар саны артты. Дегенмен тамыздың басынан бері Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының таралу қарқыны баяулағаны және COVID-19 бойынша эпидемиология жағдайды тұрақталғаны байқалады, — деді министр Үкімет отырысында.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда вакцина салдырғандардың небәрі 0,1%-і ауырғанын айтқан еді.
Алексей Цой коронавирусқа қарсы ревакцинация уақытын да мәлімдеген болатын.