Қазақстанда вакцина салдырған соң ауырғандар үлесі — 0,1%

Министрдің айтуынша, Қазақстанда вакцина салдырғандардың небәрі 0,1%-і ауырған, вакцина алмағандардың 99,9%-і вирус жұқтырған.

Коронавирустан қайтыс болғандар арасында вакцина алмағандардың үлесі — 97,7%, вакцина алғандарыкі — 2,3%. Вакцина ала тұра қайтыс болған адамдардың созылмалы ауруы болған.

Бұл дерек вакцинаның тиімділігін көрсетіп отыр, — деді министр Үкімет отырысында.