Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Sinopharm вакцинасын Пекин биологиялық өнімдер институты әзірлеп, Sinopharm компаниясы шығарған.
Бірінші партияда бір миллион доза бар. Sinopharm вакцинасы Қазақстанда тіркелген бесінші вакцина болмақ. Жақын күндері оны тұрғындар салдыра алады. Жапсырма жабыстырылғаннан кейін вакциналар тез арада еліміздің өңірлеріне жіберіледі. Дәрілік заттардың логистикасы барлық стандартқа сай орындалады. Sinopharm вакцинасының ерекшелігі — оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, ол +2-ден +8 градусқа дейінгі температурада сақталады және тасымалданады, — делінген «СҚ-Фармация» хабарламасында.
Sinopharm Қытай вакцинасын биыл 7 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлданған. Шілдеде ол COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакцина инактивтендірілген, екі дозалы. Сақтау мерзімі — 24 ай.
Бұл — ДДСҰ қауіпсіз және тиімді деп бағалаған алғашқы Қытай препараты. 45 елде ересектерге салуға рұқсат етілген. Бүгінде вакцинаны Қытайдан басқа, БАӘ мен Сербия өндіреді. Сонымен қатар, Қытай мен БАӘ Sinopharm компаниясының инактивтендірілген вакцинасын 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға шұғыл қолдануын мақұлдады, — деп қосты компания өкілі.
Бұрын елде қоланылатын вакциналар тізбесіне QazVac, “Спутник V”, Hayat-Vax және СоronaVac енгізілген еді. Ресейлік “Спутник Лайт” вакцинасы уақытша тіркелді.