30 кыркүйекке дейін Қазақстаннан қандай көліктер шығарылуға тиіс?

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті дерегі бойынша, бұл талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есепте тұрған көліктерге қатысты емес. Сондықтан ресейлік, қырғыз, армян және Белорусь нөмірі бар жүргізушілер көлігін Қазақстанда одан әрі мініп жүре алады.

Қазақстанда бір жылдан аса уақыт болған басқа да шетел автокөліктері еліміздің аумағынан ғана емес, Ресейден, Қырғызстантан, Армениядан және Беларусьтан да шығарылуға тиіс. Себебі бұл елдер ЕАЭО аясында Кеден кодексін бекітті. Ол бойынша, басқа елдерден келген көлік кедендік баждарды төлемей, ЕАЭО аумағында бір жыл ғана уақытша бола алады. Бұдан әрі көлік одақтың бөлінісі үшін әкетілуі керек не иесі кедендік баж салығын төлеуі керек, — деп түсіндірді салық комитеті қызметкерлері.

Дегенмен пандемияға байланысты бүкіл әлемде шектеу шаралары енгізіліп, шекарадан еркін өту мүмкін болмады. Сондықтан шетел көліктерінің бір жылдық мерзімі ұзартылды. Бірақ Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі азаматтарға айыппұлдары жоқ, мерзімі өтіп кеткен уақытша әкелінген автомобильдерді 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін шығаруға мүмкіндік берді.

Шетел көліктерін әкету туралы талап ЕАЭО елдерінің бүкіл аумағына — Ресейге, Қырғызстанға, Арменияға және Беларусьқа қатысты. Қазіргі уақытта шетел азаматтары көлік апару үшін шекарадан өте алады. Сондай-ақ, олар өз бетінше экспорттай алмаса, тасымалдаушылардан көмек ала алады, — деп толықтырды МКК өкілі.

30 қыркүйектен кейін салық қызметкерлері жол полициясымен бірге уақытша әкелу күндерін кешіктірген көліктерді іздей бастайды. Заңбұзушылық анықталған жағдайда көлік құралы айыппұл тұрағына жіберіледі. Бұдан әрі Қазақстанда автокөлікті уақытша пайдаланған «иесіне» қатысты қажет шаралар қабылданады.

Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстанда мұндай көлік «иесі» кеден төлемдерін төлеуге тиіс. Оларды Мемлекеттік кірістер қызметкерлері есептейді. Азаматтар сенімхат бойынша ЕАЭО аумағында Беларусь және Ресей есебімен жүріп-тұра алады. Мұндай көліктерге уақытша әкелу мерзімдері қолданылмайды. Ал Армения мен Қырғызстаннан келетін көлік құралдары шетел көлік құралдарына жатпайды, — деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар, ІІМ Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктерді шығару бойынша талапты түсіндірді. Ведомство мәліметінше, 30 қыркүйекке дейінгі мерзім ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден көлік әкелген шетел азаматтары үшін белгіленген.

Бұл норма ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден шетел азаматтары әкелген автомобильдерге ғана қатысты. Кеден заңнамасына сай шетел азаматтары кеден баждарын төлемей, Қазақстанға және ЕАЭО-ның басқа елдеріне ЕАЭО-ға кірмейтін басқа елдерде тіркелген көліктерді уақытша әкеле алады. Бұл Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусьтан емес, үшінші елдерден әкелінген көліктер.

2020 жылы және  биыл коронавирустың таралуына байланысты елдер арасындағы шекара жабылғанын ескере отырып, шетел азаматтары уақытша әкелінген көліктерді ЕАЭО аумағынан шығарады. Осыған байланысты ЕАЭО аумағында шетел автокөлігінің болу мерзімі 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылды», — деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Кейінгі мәліметтер бойынша, Қазақстанда ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелген 3 мыңға жуық шетелдік көлік бар. Олар Қазақстанда болу мерзімі аяқталғаннан кейін елден тыс жерлерге әкетілуге тиіс.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да