«Кем дегенде қола медаль». Сәкен Бибосынов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.

Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетелік, бірінші раундта Сәкен Бибосыновтың жойқын соққысынан кейін қарсыласы нокдаун алған болатын. Төрешілер бірінші раундтағы жеңісті Сәкен Бибосыновқа, екінші раундтағы басымдымқы Габриэль Эскобарға берді, — делінген хабарламада.

Ал шешуші кезеңде қарсыласына соққыларын дәл тигізген Сәкен Бибосынов жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық боксшы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдегерлер қатарына қосылып отыр.

Сәкен Бибосынов
Фото: Olympickz, Сали Сабиров

Сәкен Бибосынов енді финал жолдамасы үшін таласта британдық Джамаль Яфаимен жұдырықтасады.

Сәкен Бибосынов
Фото: Olympickz, Сали Сабиров

Еске салайық, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.