Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сізге артылған сенім – қоғамдағы тұрақтылықты, бірлік пен келісімді қамтамасыз етуге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, Арменияның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған саясатыңыздың кең қолдау тапқанының айқын көрінісі, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның аса жауапты мемлекеттік лауазымдағы қызметі Арменияның тұрақты дамуы мен ілгерілеуіне, сондай-ақ, Қазақстанмен арадағы екіжақты және көпжақты қатынастарды кеңейтіп, тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.
Мемлекет басшысы Арменияның премьер-министріне зор денсаулық пен мол табыс, достас армян халқына игіліктер мен өркендеу тіледі.
Айта кетейік, Армения президенті Армен Саркисян жаңа парламент отырысының бірінші күнінде Никол Пашинянды елдің премьер-министрі қызметіне тағайындады. Ол бұған дейін үкімет басшысының міндетін атқарушы болған.