Орал тұрғындары емхана жанында тыныс алу жаттығуларын жасады

Мұны жақсы түсінген Орал тұрғындарының бір тобы кеше Зашаған кентіндегі №6 емхана жанында тыныс алу жаттығуларын жасады. Жаттығу барысында қажетті арақашықтық қатаң сақталды.

Шараға еңбек ардагерлерімен, спортшылармен, жалпы серуендеуге шыққан жұртшылықпен қатар кент әкімі Аққали Әубекеров те қатысты. Спорттық шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген сөз сөйлеп ашты.

Күні бүгін қалада дәл осындай жаттығу жасайтын 9 жер бар, онынышысы Ақсай қаласында. Менің ұсынысымы бойынша шаһардағы мектептердің аулаларында, үлкен сауда орындарының жанында қариялар дене шынықтырумен шұғылданатын нүктелер ұйымдастырылмақ. Өзім медицина қызметкерімін, білемін, әр қозғалыс адамға өмір сыйлайды. Ковидтен қорқып, үйде тығылып жатқаннан денсаулық жақсармайды, жағдай түзелмейді. Үрейге бой алдырмай қимыл-әрекет жасаған өте пайдалы. Сол арқылы өзгелерге үлгі көрсетейік, ковидке қарсы күресейік. Дертке қарсы вакцина алайық! — деді Мақсот Берген.

Пайдалы бастамаға Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров қолдау білдіріп қана қоймай, өзі де белсенді қатысты. Оның айтуынша, дерт қалыпты өмірге көптеген қолайсыздықтар әкелген.

Ақыл-оймен, саналылықпен салауатты өмір салтын ұстансақ, бұл дертті жеңеміз. Кент тұрғындарын дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға шақырамын, — деді Аққали Әубекеров.

Талғат Ғабдірешұлы