Бұл туралы Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 90, серпе көтеуде 123 келіні көтерді.
Бұл салмақта алтын медальді Филиппин өкілі Хидилин Диас (224 келі) еншілесе, күмісті қытайлық Ляо Кюн (223 келі) иеленді.
Осылайша, Токио Олимпиадасына аттанған екі зілтеміршіміз де қола медаль тағынды, — делінген комитет хабарламасында.
Айта кетейік, қазақстандық спортшының додасын отандық телеарналар тікелей эфирде көрсеткен жоқ.
Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасының үш жүлдесі бар. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыратлет Игорь Сон қола медаль алған еді.
Жалпы есепте Қазақстан үш қола медальмен 40-орынға жайғасты. Көш басында АҚШ (7 алтын, 3 күміс, 4 қола медалмен), Жапония (7 алтын, 2 күміс, 3 қола) және Қытай (6 алтын, 4 күміс, 7 қола) тұр.