Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

200-ден астам қазақстандық Венгрияның жоғары оқу орындарында тегін білім алады

Иллюстрация: Dribbble.com ©Rahul Khobragade

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық бағдарламалар орталығы президентінің м.а. Данияр Мұқитанов айтты.

Біздің отандастарымыз «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша оқитын болады. Бұл тізімді венгр тарапы үміткерлердің мамандық таңдауына деген ынтасына, олардың теориялық білімі мен оқудағы немесе таңдаған саласындағы жетістіктеріне сүйене отырып бекітті. Сондай-ақ әңгімелесу кезінде кандидаттардың жеке қасиеттері ескерілді, – деді ол.

Стипендиаттар Венгрияда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаушы тараптың есебінен оқитын болады. Сонымен қатар 70-тен астам адамнан тұратын резервтік тізім жасалды. Барлық үміткердің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған

Айта кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында 330 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында, оның ішінде Венгрия, Польша, Қытай, Украина, Словакия, Әзербайжан және Вьетнам университеттерінде тегін оқи алады.

Exit mobile version