Қасым-Жомарт Тоқаев Рухия Байдүкенованы жүлдесімен құттықтады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында.

Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандыққа жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенованың Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алғанын хабарлаған едік.