Басты бетЖаңалықтарАтыраудағы ХҚО...

Атыраудағы ХҚО «ASHYQ» қосымшасы арқылы кіруге болады

Бұған дейін «Ashyq» қосымшасы арқылы кәсіпкерлік, мәдениет және спорт нысандарына жұмыс істеуге рұқсат берілген болатын. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ басқарма төрағасы Әділ Қожықов өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді.

Оның сөзінше, «теріс» немесе «бейтарап» мәртебесі бар азаматтар мемлекеттік қызметтерді кезекті брондамай-ақ ала алады.

Қалалардың әрбір фронт-офисіне сканерлеу үшін арнайы дербес QR-код беріліп, ол кіреберісте ілінеді. Бұл заманауи сервис негізінде ХҚО клиенттерді көбірек қабылдап қана қоймай, сонымен қатар, қызметкерлер мен келушілердің аман-саулығын қамтамасыз ете алады. Бұл ретте кезекті брондау мүмкіндігі бұрынғыша қалады. Оның артықшылығы – сіз белгіленген уақытта оператордың қабылдауына бірден өте аласыз, – деді басқарма төрағасы.

Қазір «Ashyq» функционалы енгізілген eGov mobile, Kaspi.kz және Halyk Homebank қосымшаларын пайдалануға мүмкіндік бар. Егер қосымшаларды пайдаланатын мүмкіндік болмаса, орталық қызметкерлері мәртебеңізді ЖСН арқылы анықтап береді.