Әуелі Алматыда бұрыннан бар сауда орындарының бірі — Көкбазарға бардық.

Көк базар
Көкбазар. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кіреберісте маска сатып тұрған әйелден көкөніс пен жеміс-жидекті қайдан алуға болатынын сұрадық. Оның нұсқауы бойынша төменгі (цоколь) қабатқа түстік.

кептірілген жеміс, базар, сауда
Көкбазардың төменгі қабаты. Кептірілген жемістер. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
базар, азық-түлік
Жеміс-жидек. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мұндағы барлық сатушы тауарларын ұқыпты, біркелкі жинаған. Өте әдемі әрі көзге бірден түседі. Сауда орнының іші де таза екенін байқадық.

алма
Алма. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
жеміс-жидек, базар, азық-түлік,сауда
Көкбазардағы жеміс-жидек. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Көкбазардағы жеміс-жидек. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Осыдан кейін көкөніс сататын орындарды аралап көрдік.

сауда, саудагер, базар, көкөніс
Көкбазардағы көкөніс сатушы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Саудагерлердің бірін әңгімеге тарттық. Оның айтуына қарағанда, былтыр осы уақытта базарда картоп шамамен 250 теңгеден сатылған, ал қазір 400 теңге. Саудагерлер алдағы уақытта арзандайды деп үміттеніп отыр, бірақ әзірше осы баға.

Бір қызығы, тауардың үстінде тұрған баға мен оның шын мәнінде сатылып жатқан бағасы сәйкес келмейтінін байқадық. Мысалы, картоптың үстінде «250» деген жазу тұр, бірақ сатылып жатқан бағасы — 400 теңге.

картоп
Келісі 400 теңге тұратын картоп. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Саудагердің сөзінше, көп өнім Қытай мен Өзбекстаннан келеді.

Нарынқолдың картобы бар, бірақ енді ғана гүлдеп жатқан шығар, оны күзге таман сатамыз. Өзбекстан, Қытай болмаса, аш қалайын деп тұрмыз. Өйткені өзімдегі тауардың бәрі осы елдерден келген. Бізде де қызанақ өседі, осы базардағы басқа нүктелерден сатып алуға болады, бірақ дәмі өте нашар дейді. Базарда күзге қарай далада піскен қызанақ көп сатылады әрі арзандау болады, — дейді саудагер.

картоп, сауда, базар. қызанақ
Көкөніс. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Биыл сәбіз қатты қымбаттаған. Базарда былтырғы өнім (суретте оң жақта) 600 теңгеден, биылғысы 800 теңгеден сатылып жатыр. Өзбекстаннан әкелініпті.

сәбіз, базар, сауда
Сәбіздің екі түрі. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Өнім аз болғаннан кейін бе, неге екенін білмеймін, әсіресе, сәбіз өте қымбат. Алдағы уақытта көбейіп жатса, арзандайтын шығар, бірақ әзірше қымбат. 800 теңге десек, жұрт таңданып жатыр, — дейді саудагер.

Сатушы бағаның көтерілуі өздеріне байланысты емес екенін айтты. Оларға да бұл өнім қымбат келетін көрінеді.

Бағасы артқан тағы бір өнім — қызылша. Бір келісін 800 теңгеге алуға болады.

қызылша, базар, сауда, көкөніс
Қызылша. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Көкбазарда пияз 250 теңгеден сатылып жатыр, бірақ 200 теңге деп жазылып тұр.

Қырыққабат та 250 теңгеден сатылады.

Қырыққабат. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Саудагердің сөзінше, халық көкөніс қымбаттағаннан кейін оны үнемдеп сатып алатын болған. Мысалы, бұрын 1 келі сәбіз алатындар қазір 0,5 келі алады. 1 келі сәбіздің өзі төрт-бес қана дана болады.

Алайда халықтың бәрі кедей емес қой, ақшасы барлар алады. Бәрінен қарапайым халыққа тиімсіз. 1 500 теңгенің қызанағына шамасы жетпейді, 500-700 теңге аралығында болса, аздап-аздап алады. Сол сияқты 800 теңге тұратын сәбізді қалай алады?, — дейді ол.

Көкбазардағы көкөніс пен сатушы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Саудагердің айтуына қарағанда, базарда жеміс-жидек, көкөніс қаладағы сауда желілеріне қарағанда қымбат, есесіне сапасы жақсы. Өйткені саудагерлер нашар зат сатқысы келмейді, тұрақты клиенттер үшін жұмыс істейді. Сол себепті бәрін біртіндеп таңдап алатын көрінеді.

Қаладағы сауда желілерінде көкөніс, жеміс-жидек арзан. Олар Алтын орданың ең арзан тауарын алады. Базарда сәл қымбат болғанымен, сапасы жақсы. Қыста да, жазда да осында тұрамыз. Тұрақты клиенттеріміз бар. Олар біздің жаман нәрсе сатпайтынымызды біледі, — дейді саудагер.

Базардан шығып, Small сауда желісіне кірдік. Саудагер айтпақшы, мұнда көкөніс базарға қарағанда арзан екен.

картоп, сәбіз
Small-дағы көкөніс. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сәбіздің келісі — 507 теңге.

сәбіз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алайда сапасы базардағыдай емес, нашар екенін көрдік. Жақсыларын іріктеп алуға тура келеді.

сәбіз, картоп
Сәбіз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
сәбіз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
сәбіз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
сәбіз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
картоп
Картоп. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал картоптың бір келісі 256 теңгеден сатылып жатыр. Картоп та, сәбіз де Қазақстандікі.

картоп
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
картоп
Картоп. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал Египеттен келген картоп сәл қымбат, бұрын бір келісі 435 теңгеден сатылса, қазір 399 теңгеден сатылып жатыр.

картоп
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
картоп
Египеттен әкелінген картоп жеңілдікпен сатылып жатыр. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Пияздың келісі 113 теңгеден.

пияз
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
пияз
Пияздың келісі — 113 теңге. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Small-дан шығып, Magnum сауда желісіне соқтық.

азық-түлік, сауда желісі
Magnum сауда желісіндегі көкөніс пен жеміс. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мұнда сәбіз базарға қарағанда арзан болғанымен, Small сауда желісіне қарағанда қымбаттау. Келісі — 512 теңге.

сәбіз
Жуылмаған сәбіз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
сәбіз
Жуылмаған сәбіз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бірақ мұнда да сапалысын іріктеп алуға тура келеді. Тауар көп әрі арзан болғанымен, бәрі бірдей сапалы емес.

сәбіз
Жуылмаған сәбіз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Картоптың келісі — 268 теңге.

картоп
Ерте піскен картоп. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
картоп
Ерте піскен картоп, қазақстандық өнім. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
картоп
Сатылымға шықпаған картоп. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Пияздың келісі 112 теңгеден сатылып жатыр. Мұндағы сәбіз де, картоп та, пияз да өзіміздікі, Қазақстанда өсірілген.

пияз
Ерте піскен пияз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
пияз
Ерте піскен пияз. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

2020 жылдың наурыз айында «Коронавирус тіркелерден бірнеше сағат бұрынғы Алматы өмірі» деген материал дайындаған едік. Осы материалдан Magnum-дағы көкөніс бағаларын көруге болады. Сол кезде сауда желісінде жуылмаған сәбіздің келісі 94 теңгеден, картоптың келісі 103 теңгеден сатылған екен. 1 жыл, 3 ай ішінде бағаның қаншалықты өзгергенін өзіңіз салыстырып көріңіз.

магнум
2020 жылдың 13 наурызындағы фото. Авторы: Мейірман Лес

Қорыта айтқанда, Алматыда да көкөніс қымбаттаған. Азаматтар оны үнемдеп сатып алуға көшіпті, ал сатушылар бағаның жақын арада төмендейтінінен үмітті.