22-24 маусым күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады.

Сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон шұңқыры әсер етеді, онда найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстік жартысында түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады, — делінген хабарламада.