Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қайрат» футбол клубында кадрлық өзгерістер болды. Біздің клубта 2,5 жыл жұмыс істеген Алексей Шпилевский бас бапкер қызметінен кетті. Келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін «Қайрат» маманның болашақ клубы «Эрцгебиргтен» өтемақы алады, – делінген хабарламада.
Енді «Қайрат» футбол командасының бас бапкері міндетін осы маусымда «Қайрат-Жастар» командасын жаттықтырған қазақстандық маман Кирилл Кекер атқарады.
Ал жастар командасын Академия жаттықтырушысы Кирилл Морунов басқарады.