Бұл туралы Қазақстан аумағында коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасында жазылған.
7 маусымнан бастап Өзбекстанмен Ақтау — Нүкіс және Алматы — Наманган бағыттарына әр тараптан аптасына екі рейс жиілікпен тұрақты рейстер ашуға рұқсат етілді.
Халықаралық рейстерді SCAT әуекомпаниясы орындайды:
Нүкіс — Ақтөбе — Мәскеу, аптасына екі рейс; Самарқан — Ақтөбе — Санкт-Петербург, аптасына екі рейс.
Бұған дейін SCAT әуекомпаниясы Ақтау — Үргенш рейсін іске қосқан еді.
8 маусымнан бастап Air Astana мен Uzbekistan Airways әуекомпаниялары Алматы — Самарқанд рейсін аптасына 4 рет жиілікпен орындайды.