Басты бетҚоғамАсхат Аймағамбетов...

Асхат Аймағамбетов Шарын шатқалында қайтыс болған мұғалімнің отбасына барды

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әбдуалиева Facebook-те хабарлады.

Асхат Аймағамбетов марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты.

Еске салайық, Мерей Ибрагимов 29 мамыр сел тасқыны болған күні Шарын шатқалына экскурсияға барғандардың қатарында болды.

Жас мұғалім оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды. Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан президенті марқұм Мерей Ибрагимовты «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін марапаттады.