Басты бетҚоғамКөктемнің соңғы...

Көктемнің соңғы күндері ауа райы қандай болады?

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ мамандары хабарлады.

30 мамырдан бастап оңтүстік циклон жаңа жер аймақтарынан келген циклонмен бірігіп, соның әсерінен тұрақсыз ауа-райы қалыптасады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, жел күшейіп, шаңды дауыл тұруы мүмкін, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 27-29 мамыр күндері оңтүстік өңірлерінен басқа аймақтарда ауа температурасы төмендейтінін хабарлаған едік.