Басты бетЖаңалықтарШарындағы сел:...

Шарындағы сел: мұғалім мен оқушы қайтыс болды

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Кеше Шарын шатқалында қайғылы оқиға болды. Өкінішке қарай, алынған ақпарат бойынша экскурсияға барғандардың арасында сегіз оқушы Алматы қаласының №199 гимназиясының оқушылары болған. Оларға бес оқушының ата-анасы мен үш мұғалім жетекшілік еткен, — деді Білім және ғылым министрілігі баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиға салдарынан оқушы мен бейіндік пән мұғалімі қаза тауып, тағы бір оқушыны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Үш бала зардап шекті, қазір олар ауруханада жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз, — деді министрлік өкілі.

Еске салайық, 29 мамырда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шарын шатқалында сел жүрді. Салдарынан алты адам жарақат алды, екі адам қайтыс болды.