Басты бетЖаңалықтарТауда жоғалған...

Тауда жоғалған туристердің екеуінің денесі табылды

29 мамырда сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстары кезінде Өгем өзенінен бір адамның денесі табылды. Ол тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені, 1999 жылы туғаны  анықталды. Екінші жігіттің денесі бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды. Оның кім екені анықталып жатыр, — деп мәлімдеді Талғат Уәли.

Марқұмардың денесі «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкентке жөнелтілді.

Қалған екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Жерде оларды құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары іздеп жатыр. Оған қоса, Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ екі борты жұмылдырылды.

28 мамырда жеті туристің үшеуі Сайрам-Өгем шатқалынан табылған еді. Олардың хал-жағдайы жақсы. Талғат Уәли Facebook-парақшасында олардың эвакуацияланғанын және медицина көмегіне мұқтаж емес екенін жазды.

Екеуі 1999 жылы және біреуі 2000 жылы туған. Олардың айтуынша 3 күн бұрын топ екіге бөлініп кеткен. Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері оларды ата-анасына табыстады, — делінген жазбада.

Еске салайық, Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 112 пультіне 25 мамырда сағат 18:30-да келіп түсті. 21 мамырда туристер “Сары-Айғыр” шатқалына жаяу бет алған болатын. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге  оралуы керек еді.
28 мамырда тауда жоғалғандар туралы мәлімет шықты.