27-29 мамыр күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 27 мамырда Қазақстанның батыс, солтүстік, ал 28 мамырда орталық және шығыс аймақтарында ауа райына Қара теңіз аудандарынан антициклон ықпал етеді.

Солтүстік ауа ағындары ауа температурасының төмендеуіне әкеледі: батыс өңірлерде түнде 10-22 граусқа дейін, күндіз 27-35 гадусқа дейін жылы. Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 17-28 градусқа дейін жылы. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, 28 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде нөсер болады. Сонымен бірге қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.

Ауа температурасының төмендеуі республиканың оңтүстік өңірлеріне әсер етпейді. Олар әлі де жылы ауа массаларының ықпалында болады және тек фронтал бөліктердің ықпалымен елдің оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Айта кетейік, мұның алдында 25-27 мамыр күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болатынын хабарлаған едік.