Басты бетДжо Байден...

Джо Байден Беларуьсте журналистің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Ақ үйдің сайты хабарлады.

АҚШ президенті Беларусьте Ryanair ұшағының мәжбүрлі қонуын халықаралық нормаларды қорлау екенін айтты. Ол кінәлілерді жауапқа тарту шараларын әзірлеуді тапсырды.

Бұл өрескел оқиға мен Протасевич мырзаны мәжбүрлеп түсірген болуы мүмкін видео саяси көзқарастарға да, баспасөз бостандығына да масқара шабуыл болды. Америка Құрама Штаттары бүкіл әлем елдерімен бірге оны босатуды, сондай-ақ Лукашенко режимі әділетсіз ұстап отырған жүздеген саяси тұтқынды босатуды талап етеді, — делінген Джо Байден мәлімдемесінде.

Джо Байден сонымен бірге өз командасынан кінәлілерді жауапқа тартудың тиісті нұсқаларын Еуропалық Одақпен және басқа да серіктестермен, халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта әзірлеуді сұрағанын айтты.

АҚШ президенті Беларусь халқын сөзсіз қолдайтынын мәлімдеді.

Мен негізгі құқықтары үшін күресіп жүрген белорустардың, соның ішінде Роман Протасевич сияқты журналистердің және Светлана Тихановская мен оның жұбайы Сергей Тихановский сияқты оппозиция жетекшілерінің батылдығы мен шешімдігіне қол соғамын. Америка Құрама Штаттары Беларусь халқына оның күресінде қолдау көрсетуді жалғастырады, — деді Джо Байден.

Еске салайық, 23 мамырда күндіз Ryanair әуе компаниясының Афинадан Вильнюске ұшып бара жатқан ұшағы Минскіде шұғыл қонған. Әуежайдың баспасөз қызметі ұшақта бомба қойылды деген хабардан кейін қондырылғанын хабарлады.

Ұшақ бортында журналист, Nexta телеграм-арнасының бұрынғы бас редакторы Роман Протасевич болған. Кейін Роман Протасевич отырған Ryanair әуекомпаниясының ұшағын қондыру туралы бұйрықты Беларусь президенті Александр Лукашенко бергені анықталды.

Батыс елдері тез арада Nexta негізін қалаушысын босатуды талап етті.

Nexta 2020 жылғы тамызда Беларусьтегі президенттік сайлаудың нәтижелері жарияланғаннан кейін жаппай наразылық кезінде оппозицияның негізгі алаңдарының бірі болды.

ДереккөзTengrinews.kz