Осынау салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтың құттықтауы мен ізгі тілегін жеткізді.
Мемлекеттің абыройлы болуы – ондағы халық жанының ізгі болуында. Сол ізгілікті жасайтын қасиетті өнер. Адамзаттың рухы, терең тарихы, ділі мен діні, тілі мен мақсат-мұраты о бастан мәдениетпен біте қайнасқан. Қоғамда орны бөлек өнер адамдарын қарапайым бұқараның төбесіне көтеретіні де осы себептен. Ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызды насихаттап, халыққа эстетикалық ләззат сыйлайтын өнер майталмандары – сіздер аман болыңыздар! – деді ол.
Өз кезегінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев сөз алып, кәсіби мерекеде тамаша көңіл күй сыйлаған облыс басшылығына атыраулық барша өнер адамы атынан алғыс айтты.