Басты бетҚоғамАсхат Аймағамбетов: Университеттерде қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек

Асхат Аймағамбетов: Университеттерде қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек

Ведомство басшысы білім ордаларындағы құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу, бейнекамералардың жедел басқару орталықтарына қосылуын қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарына кіргізу режимін күшейтуді және студенттер арасында оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді тапсырды.

Сонымен бірге жатақханаларда пысықталуға тиіс қауіпсіздікті күшейту шаралары да айтылды.

Қазандағы қайғылы жағдай мектептер мен колледждердегі қауіпсіздікті күшейту қажеттігін көрсетті. Осындай қорқынышты жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін мектептермен қоса, университеттерде де қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз керек. Студенттер мен оқытушылар төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керегін білуге тиіс. Біз қолда бар жабдықтарды тексеріп, қажет болған жағдайда қосымша жабдық орнатуымыз керек. Қауіпсіздік шаралары қолданылып, оқу жаттығулары неғұрлым жиі өткізілетін болса, біздің балаларымыздың да қауіпсіздігі соғұрлым арта түседі, – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, Татарстан астанасы Қазанда болған оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріне алып кіруге тыйым салынатын заттар тізімі әзірленді.

Ведомствоның мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова балабақшалар мен мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.