Imanbek АҚШ-та тағы бір музыка сыйлығының жеңімпазы атанды

Бүгін таңертең АҚШ-та әлемдік дәрежедегі Billboard Music Awards сыйлығының табыс ету рәсімі өтті.

Аталған музыкалық бәсекеде Иманбек Зейкеновтің (Imanbek) Roses композициясына жазған ремикс нұсқасы Top Dance/Electronic Song номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл туралы Billboard Music Awards сыйлығының ресми сайтында жазылған. Сонымен бірге қуанышты хабарды диджей өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Billboard Music сыйлығын алдым, бұл дәл Грэмми сыйлығы сияқты, — деп жазды ол. 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Imanbek Musiс (@imanbekmusic)

Еске сала кетейік, биыл наурыз айында Иманбек Зейкенов жоғарыда аталған музыка туындысы үшін әйгілі «Грэмми» ұтып алған еді.