45 елдің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады

«Бүгінгі таңда виза рәсімдеусіз-ақ Қазақстанға 19 елдің азаматтары келе алады. Ал 2017 жылдың 1 қаңтарынан 45 елдің азаматтары осындай мүмкіндік алады. Олардың қатарында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, Еуропалық одақтың мүшелері, сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия, Сингапур сияқты елдер бар», — деді ол.

Осы ретте министр 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін шетелдік азаматтарға арналған Қазақстан Республикасының визасын беру және шақыруларды рәсімдеудің жаңа ережесі дипломатиялық корпус өкілдеріне берілгендігін айтты.

«Виза режімін ырықтандыру мақсатында қабылданған шаралар біздің еліміздің ұлттық мүддесін ескере отырып жүргізілетіндігін атап өткім келеді. Жоғарыда аталған мемлекеттерден бөлек тағы 19 елдің азаматтары қол қойылған екіжақты келісімдердің негізінде виза талаптарынан босатылады. Мұндай келісімдерге басқа да мемлекеттермен қол қою үшін келіссөздерді жалғастыра беретін боламыз», — деді Ыдырысов.

 

ДереккөзҚазАқпарат