Министр: Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық

Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдындағы есебі кезінде айтты.

Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындау үшін белсенді жұмыс жүргізіл. Ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Бүгінгі таңда спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алдық, — деді министр.

Ведомство басшысы сонымен бірге ерекше қажеттіліктері бар спортшылар да назардан тыс қалмағанын атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық спорт кешендерінде ересектер мен ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін спортпен айналысу үшін жағдай жасалады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін елімізде 15 спорт клубы, астанада Параолимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді, — деді Ақтоқты Райымқұлова.