Басты бетҚоғамХалық санағында...

Халық санағында қазақстандықтарға қандай сұрақтар қойылады?

Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Санақ парағындағы сұрақтар саны айтарлықтай ұлғайтылған. Мұнда барлығы 67 сұрақ және оған қосымша 20 нақтылаушы сұрақ бар, — делінген хабарламада.

Ведомство сұрақтардың аясын кеңейтуге Еуропалық санақшылардың 2020 жылғы тұрғын үй қорын және тұрғындар санағын жүргізу жөніндегі ұсыныстары мен ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитеттің әдістемелік материалдары негіз болғанын мәлімдеді.

Сауалнама 73 сұрақ аясында жүргізілген 2009 жылдың ұлттық санағынан ерекшелігі, 2021 жылдың санағында көші-қон, еңбекпен қамту, неке жағдайы, бала туу және тіл білуі бойынша сұрақтар аясы кеңейтілді. Сонымен бірге БҰҰ-ның мүгедектік статистикасы жөніндегі Вашингтон тобымен ұсынылған жаңа сұрақтар қосылды, мұнда мүгедектік критерийлерін ескеріп, денсаулық сақтау статистикасы аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал ету көзделген, — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда халық санағы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өтеді. 1 қыркүйекте sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады.

ДереккөзҚазАқпарат