Ведомство басшысының айтуына қарағанда, мерейтойлық іс-шаралардың тұжырымдамалық күн тәртібі идеологиялық, ағартушылық мазмұнға толы және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделген.
Биыл Қазақстанның Халық қаһарманы Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығын, КСРО-ның Халық әртісі Әлібек Дінішевтің 70 жылдығын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу жоспарланып отыр, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі астанада Батырхан Шүкеновтың ескерткіші орнатылатыны хабарланған еді.