Астанада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарлауынша, ұсыныстарды Birge платформасының жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады, — делінген әкімдік хабарламасында.

Эстрада әншісі, композитор, A`Studio тобының бұрынғы солисі Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда туған. Ол 2015 жылы 28 сәуірде қайтыс болды.