Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 37 адам қайтыс болды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігінің 14 мамырдағы мәлімет бойынша, 39 472 адам (38 955 КВИ+ және 517 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 14 279 пациент, амбулаторияда 25 193 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 774 адамның жағдайы ауыр, 180 пациенттің жағдайы өте ауыр. 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

статистика, коронавирус

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

12 мамырдағы мәлімет бойынша 127 жаңа дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды, 89 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 53 884 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 52 516-сы аурудан айықты. 851 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 549 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.