Алматыда көгершіндер жаппай қырылып қалған

Арықтар да көгершін өлексесіне толып қалған. Тіпті балалар ойын алаңында да шашылып жатыр. Бәрінің де тұмсығынан қан аралас көбік аққан. Кептердің қырылуына не себеп болғаны белгісіз. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Құстарды әдейі улаған, оларға тышқанға қарсы дәрі шашқан. Бұл — адам қолынан жем алып үйренген көгершіндер. Ешкімге зияны жоқ еді. Осы маңда күнде балалар ойнайды, олар да уланып қалуы мүмкін еді. Полицияға шағымдандым, олар арызымды қабылдамады, — деді Анастасия Мигунова.

Тұрғындар құстарға қасақана у берілгеніне сенімді. Себебі бірер күн бұрын осы маңдағылар кептерлерге бола өзара жанжалдасып қалған екен. «Маңайды ластады» деп, кеміргіштерге дәрі беріп, көзін құртқысы келгендер де болыпты. Удан сескенген жұрт енді санитар дәрігерлерден дереу сынама алуды сұрап отыр.