Коронавирус және пневмония жұқтырған тағы 43 қазақстандық қайтыс болды

6 мамырдағы мәлімет бойынша 43 253 адам короновирус инфекциясынан (42 792 КВИ+ және 461 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 14 489 пациент, амбулаторияда 28 764 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:

780 адамның жағдайы ауыр;

• 195 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 121 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

статистика, коронавирус

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

4 мамырдағы мәлімет бойынша 177 жаңа дерек тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталды, 80 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 53 299 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 52 015-і аурудан айықты. 823 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 443 жағдайы тіркелді.