Қазақстан премьер-лигасында 12 команда ойнайды

Ең бастысы, премьер-лигада 12 команда қалатын болды. Қазақстан премьер-лигасындағы футбол клубтарының басшылары бас қосқан жалпы жиналыстағы ең маңызды мәселенің бірі ең жоғарғы тобымыздағы командалар саны еді. Оны 14 немесе 16 клубқа дейін көбейту мәселелері талқыланған. Алайда, Қазақстан премьер-лигасында сол бұрынғысынша 12 команда қалатын болды. Тек соңғы жылдардағыдай екі айналымнан кейін бұл командалар қос алтылыққа жіктелмейді. 2017 жылы ел біріншілігі үш айналымдық жүйемен өткізіледі. Алғашқы екі айналымда барлық командалар үйде және түзде жүйесімен ойнайды. Ал үшінші айналымдағы матчтар Бергер кестесі бойынша құрастырылады. Еліміз премьер-лигасындағы футбол клубтарының басшылары қабылдаған шешімдер Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің қарауына жіберілді. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап 3 сәуірге дейін — трансферлік кезең мезгілі бекітілді.

ДереккөзҚазАқпарат