Басты бетҚоғам"Алматы жастары"...

«Алматы жастары» бағдарламасы келесі жылы да жалғасады

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала әкімінің мәліметінше, 2021 жылдың 10-31 наурызы аралығында «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды, мұнда бастапқы және қайталама нарықта баспана алу үшін 5% жеңілдікпен несие беріледі.

Бағдарлама аясында 1 000 жас отбасыларды қамту жоспарланып отыр, олардың арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтардың азаматтары бар, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО-ның және ҒЗИ-ның оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау саласының және құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың түскен барлық 9 741 өтініштің 5 913-і оң шешілді. 30 сәуірде іріктелген алғашқы 500 қатысушыға өтініш сайтында жолдамалар берілді. Келесі аптада, 7 күннен соң келесі 500 жолдама тапсырылады. Азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмау мақсатында жолдама кезең-кезеңмен беріледі.

Бақытжан Сағынтаев бағдарлама үлкен сұранысқа ие екенін, сондықтан оны жүзеге асыру келер жылы жалғасатынын айтты. Өтінішті қабылдаудың басталуы туралы ақпарат бағдарламаның сайтында және БАҚ-да жарияланады.