Президент ҚХА төрағасының орынбасарына бірнеше тапсырма берді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Марат Әзілханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағыттарын күшейту мәселелері қаралды.

Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, ассамблеяның Қазақстан халқын азаматтық біртектілік пен бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының барлық қоғамдық институты жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, 21 сәуірде Марат Әзілханов Қазақстан халық ассамблеясының төрағасы болды.

28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының өкілетін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды және ол ассамблеяның құрметті төрағасы болды.