Басты бетЖаңалықтарКоронавирус пен...

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 3 мамырдағы мәліметі бойынша, 44 374 адам (43 920 КВИ+ және 454 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 15 476 пациент, амбулаторияда 28 898 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 762 адамның жағдайы ауыр, 197 пациенттің жағдайы өте ауыр. 122 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

1 мамырдағы мәлімет бойынша, 12 жаңа дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 53 083 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 51 820-сы аурудан айықты. 809 науқас қайтыс болды.