Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Алматыда азық-түлік тауарлары бағасын ерекше бақылауда тұр

Көрнекі сурет

«Магнум» (5,9 млрд.тг) және «Тоймарт» (404 млн. тг) ірі сауда желілерінде ӘМАТ-тың 19 атауы тіркелген, төмендетілген бағамен сатып алу және сату үшін жеңілдетілген қарыздар берілді. Қазіргі уақытта «Тоймарт» сауда желісімен келісімшарт 2021 жылдың қарашасына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, «айналымға арналған» қарыз беру арқылы ірі тауар өндірушілердің сату бағалары белгіленді. «Ақсай «НТК» ЖШС-на нан жеткізілімі үшін (1 млрд.тг), «Асыл Meat» ЖШС-на (42 млн. тг) және Union Products ЖШС-на (250 млн. тг) В, С класты сиыр етін (төс-жауырын бөлігі) дүкендерге жеткізу үшін несиелер берілді. Басқа тауар өндірушілерге «айналымға арналған» қарызын беру қосымша жүзеге асырылып жатыр.

Қаланың 7 негізгі азық-түлік базарларында (Көк базар, Жаңа Ақбұлақ (көтерме сауда), Сары-Арқа, Тастақ, Таусамалы, Алматы-1, Түрксіб жәрмеңкесі) «әлеуметтік дүкендер» ашылды. Онда 10 түрлі ӘМАТ (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, күріш, макарон өнімдері, ұн) сатылады. Бағалар орташа нарықтық бағадан төмен, бұл сатушылар арасында бәсекелестік орта қалыптастырады. Мұндай тетік өзінің тиімділігін көрсетті, осыған байланысты бұл сату нүктелерінің жұмысы 2021 жылғы 30 тамызға дейін ұзартылды.

Магнум және Small сауда желілерінде литрі 385 теңге бағамен тіркелген «Жайлау» күнбағыс майы 100 000 литр көлемінде сатылып жатыр. Бұл статистика департаментінің бағасынан 43,6% (684 тг/л) төмен.

«Магнум» сауда желісінде 2020-2021 жж. маусымаралық кезеңінде (2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы мамырға дейін) 14 мың тоннадан астам көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) сатылды. Бұл қорды орта нарықтық бағадан төмен бағамен іске асырудың арқасында қала бойынша осы көкөніс сериясының бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Осыған орай «Магнумның» көкөністер бөлімін және басқа да сауда желілерін қамтамасыз ету үшін 2021-2022 жж. маусымаралық кезеңде (2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін) көкөніс көлемін 22 мың тоннаға дейін ұлғайта отырып, 2,5 млрд. теңгеге «форвардтық» сатып алу шарты жасалды.

Бірінші санаттағы жұмыртқаларға осы жылдың 30 маусымына дейін шекті баға (487 тг/он данасы) белгіленді. Бұған дейін (осы жылдың 1 наурызына дейін) қарақұмық жармасы (361 тг/кг) мен қанттың (30 наурызға дейін 254 тг/кг) шекті бағасы қолданылған. Бұл әр позиция бойынша 90 күн ішінде бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі ерекше бақылауда тұр. Қаланың негізгі базарларында, сауда желілерінде, супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының күнделікті мониторингі жалғасып жатыр.

Exit mobile version