Бүгін коронавирусқа қарсы Hayat-Vax вакцинасы өңірлерге жеткізіледі

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтардың алдында таңдауда бірнеше вакцина бар екенін еске салды. Бұл «Спутник V» және QazVac.

Бүгін біз Қытайдың Sinopharm компаниясының технологиясымен өндірілген қосымша араб вакцинасын аламыз және вакцина барлық аймаққа жеткізіледі. Осылайша бізде үш вакцина көпшілікке қол жетімді болады. «Самұрық-Қазына» қорынан басқа, негізгі партия ел тұрғындарына бағытталады — бұл шамамен 750 мың доза, – деді Алексей Цой.

Еске салайық, бұған дейін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры коронавирусқа қарсы бір миллион доза вакцина сатып алынғаны туралы хабарланған еді. Кейінірек «СҚ-Фармацияның» баспасөз қызметі сатып алынған партияның қытайлық Sinopharm өндірушісінің COVID-19-ға арналған Hayat-Vax вакцинасы екенін растады.

ДереккөзHolanews.kz