Қазақстан коронавирусқа қарсы қытайлық Hayat-Vax вакцинасын сатып алды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Sinopharm» компаниясы вакцинасының бұл партиясы Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жөнелтілгеннен кейін бірінші кезекте холдинг контингентінің қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Содан кейін Hayat-Vax вакциналарының қалған саны халық арасында екпе алғысы келетіндер үшін қолданылады, — делінген хабарламада.

Аталған вакцина келесі кесте бойынша жеткізіледі:

2021 жылғы 30 сәуіріне дейін 400 000 доза;

2021 жылғы мамыр айында 600 000 доза.

1 адамға Hayat-Vax (SARS-CoV-2 (Vero Cell) коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 2 дозасын егу қажет, екінші доза бірінші инъекциядан кейін 14 күннен соң салынады.