1-3 мамыр: алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМҚ алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, сәуірдің соңғы күндерінде антициклонның келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендеуі мүмкін.

Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жоталары елдегі ауа-райына әсер етіп, жылы ауа массаларын алып келеді.

Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17-27°С-тан 28-36°С-қа дейін, солтүстік өңірлерде 10-18-ден 15-23°С-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Ал 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, – делінген хабарламада.

2 мамырдан бастап батыс аймақтарға Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар әсер ете бастайды. Олар селдің солтүстік өңірлері арқылы жылжып, бұл аудандарда жаңбыр жауады.

Айта кетейік, мұның алдында 29 сәуір мен 1 мамыр аралғында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мол түсетінін хабарлаған едік.