29 сәуір мен 1 мамыр аралығында ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мол түседі, жел күшейеді.

Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен бірге Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында 27-29 сәуір күндері Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп көтерілетінін хабарлаған едік.