Тұмарды бойтұмар ретінде бау өткізіп, мойынға таққан. Кейде киім жағасына, қолтық астына, баскиім ішіне тігіп немесе түйреуіш ретінде қадап алған. Тұскиіз, кілемдерге қыстырып, жастықтың астына жастап жататын болған.

301fe3b823375038c54c5db5201370af Ескі сурет: қазақтар қандай тұмар таққан?
Жинаған: Щенников Клавдий

Бұл — бойтұмар. Оны адам мойнына тағып, көйлегінің, жейдесінің ішіне салып қоятын болған. XX ғасырға жатады. Ақмола облысы халқына тиесілі. Былғарыдан, мақта матадан тігілген. Мұндай үшбұрышты тұмардың ішіне, әдетте дұға жазылған қағаз тігіледі. Мұны адам жамандықтан қорғайды деп тағады.

Жоғарыдағы тұмардың ең ұзын кесіндісі — 10 см, одан кейінгісі — 7,5 см, үшінші қабырғасы — 7 см. Астыңғы тұмардың ұзын кесіндісі — 7 см. Ал мойынға тағатын баудың ұзындығы — 60 см. Тұмарды жұрт көзіне көрсетіп алып жүру немесе тағу міндетті саналмаған.

a0d2123bac2c3553323cfbccfcddafaa Ескі сурет: қазақтар қандай тұмар таққан?
Жинаған: де-Лазари Константин

Бұл бойтұмар Алматы облысы халқына тиесілі, XIX ғасыр соңына жатады. Тұмар жібек матадан, мақта матадан тігілген, бау жасалған.

Баудың ұзындығы — 39 см, жоғарыдағы тұмардың биіктігі — 4,4 см, төменгі үшбұрыш табаны ұзындығы — 7,9 см. Ал төменгі бойтұмар биіктігі — 3,3 см, төменгі үшбұрыш табаны ұзындығы — 6,5 см.

97670e29036287c7a41d3d5ba0013872 Ескі сурет: қазақтар қандай тұмар таққан?
Жинаған: Щенников Клавдий

Киізүйге арналған тұмар. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басына жатады. Тігу үшін былғары мен жіп пайдаланылған. Үшбұрыш кесінділері ұзындығы — 6,3 см; 6,6 см; 8,5 см; тұмардың қалыңдығы — 0,3-0,6 см.

«Зұлым көзден», аурулардан және «зұлым рухтардан» қорғау үшін киіз үй босағасына қадалады.

de00303b82538ee1c25c570096123549 Ескі сурет: қазақтар қандай тұмар таққан?
Жинаушы: Рычков Константин

Бұл — тұмарға арналған қорап. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында жасалған. Татар мен қазаққа тиесілі. Қазақ тұмардың, бойтұмардың қорабын көбіне күмістен, кейде алтыннан жасаған. Қорапшалар үшбұрыш, төртбұрыш кейде түтікше түрінде көлемі мен пішіні әртүрлі үлгіде жасалды.

Бұл қорап төмен сынамалы күмістен, көгілдір ақықтан жасалған, ішіне дұға жазылған қағаз салынады. Негізгі ұзындығы — 6 см, шашақ ұзындығы — 4,3 см, тұмардың биіктігі — 0,6 см.

2d6b36571bfb233f0494e8ac091bf249 Ескі сурет: қазақтар қандай тұмар таққан?
Жинаушылар: Курылев Вадим, Шаханова Нуриля

Тұмардың осындай да қорабы болған. Бұл 875 сынамалы күмістен жасалған. Түтік ұзындығы — 9,5 см; алқалар ұзындығы — 6,0 см; шарлар диаметрі — 1,5 см.

Қорапшалар үшбұрыш, төртбұрыш кейде түтікше түрінде көлемі мен пішіні әртүрлі үлгіде жасалды. Оларды әшекейлеп, алтын, күміс жалатып, асыл тастармен көмкерген.

e11775679cbf2c2d2ee33f7f4b02d714 Ескі сурет: қазақтар қандай тұмар таққан?
Жинаушы: Букинич Дмитрий

Тұмарға арналған қорап бөлігі. Ішіндегі қағазға дұға жазылған. Өзі металдан жасалған. 1936 жылға дейінгі уақытқа жатады. Ұзындығы —  19,5 см, диаметрі — 1,2 см.

Тағы оқыңыз:

Ескі сурет: Қазақ әйелдері 100 жыл бұрын таққан ерекше әшекейлер